«Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында дәріс оқылды
2021 жылдың 3 наурыз күні ҚР мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тарихшысы Ибадильдаева Мадина Мананбайқызы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушыларына өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау, қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, айтыскер, сазгер - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында ақынның тарихи шежіресінен сыр шертіп, ел бірлігін жырлаған жыр – дастандарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, ақынның өмірбаяны мен ел мен жерді қастерлеуге, ұлы отанды сүюге үндейтін шығармалары жайлы баяндалып, ақынның құрметіне қойылған ескерткіштің тарихы мен құрылымы айтылды.


03 Mar 2021
1410
16 Nov 2019