«Тарихтан тағылым-өткенге тағзым»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Тараз қаласындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепке «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» тақырыбында жылжымалы үйірме ұйымдастырды.
Мыңжылдықтарды еңсеріп, түрлі дәуірді басынан өткерсе де құндылығы топырақ астында қалмай, тарих қойнауынан бүгінгі күнге дейін жеткен - жалқы шаһар Тараз тарихы және қорық- музейге қарасты 30 тарихи нысан тарихымен танысып қана қоймай , осы өңірден табылған құнды жәдігерлерімізді тамашалады.
Алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы Жамбыл бабамыздың өмірі мен шығармашылығынан мағұлмат берілді. Ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нəзік сезімге, бай образға толы поэзиясынан өлең, жырлар оқылды.