«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»
Ағымдағы жылдың 9 ақпанында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Тараз қаласындағы №14 Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» тақырыбында жылжымалы үйірме ұйымдастырды. Аталған үйірменің басты мақсаты – Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Үйірме барысында оқушылардың назарына алдымен Киелі Тараз қаласының орнынан табылған ортағасырлық құнды да бірегей жәдігерлерден жасақталған жылжымалы көрме қойылды. Оның ішінде әртүрлі кезеңдегі мыс (фельс) монеталары (түргеш, қарахан тиындары), қола бұйымдары (шырағдандар, жұмыртастар, құмыралар, тағара, жинақ сандықшалары және су құбырлары) оқушылардың назарына ұсынылды.