«Алғыс хатпен» марапатталды
2020 жылда жарияланған "Музейге сый тарту" акциясының қорытындысы бойынша қалалық №7 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы, жас тарихшы Нурасилов Руслан су құбырын орнату жұмыстары барысында ортағасырға жататын хум ыдысын тапқан болатын. Ата-бабаларымыздан қалған жәдігерлерімізді тарихи мұра ретінде музейіміздің қорына тапсырып, халық игілігіне ұсынып, зор үлесін қосқаны үшін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Н.Бықыбаев Нурасилов Русланды «Алғыс хатпен» марапаттап, музей баспасынан шыққан сый-сыйапаттар тапсырды. Осындай жастарымыздан болашақ тарихымызға зор үлес қосатын іздемпаз тарихшылар мен өлкетанушылар пайда болады деген ойдамыз.
Алдағы уақытта «Музейге сый тарту» акциясы өз жалғасын табады.