The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Желтоқсан - Тәуелсіздік бастауы

Желтоқсан - Тәуелсіздік бастауы

Бүгін Тараз қаласындағы «Желтоқсан,86» орталығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Желтоқсан- тәуелсіздік бастауы» тақырыбында мәдени іс-шара өтті. Іс-шара «Халық Қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Шара барысында Қазақстанның егемендік жолындағы игі істері мен тәуелсіздігіміздің қалыптасу кезеңі туралы бейнеролик ұсынылып, Қайрат Рысқұлбековке арналған залға экскурсия жасалды.

Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі қыркүйек айынан бастап жасөспірімдер арасында тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында «Өз өлкеңді біл және сүй» атты тақырыптық үйірмелер қыркүйек айынан бастап ұйымдастырып келеді. Осы үйірмеге қатысқан оқушылар «Тәуелсіздік -аманаты бабамның» тақырыбында өлеңдер топтамасын арнады. Іс-шараның қорытындысын Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығынан келген хор үйірмесінің жасөспірімдері. «Тәуелсіз елім» әнін шырқады.