The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Елбасы. Ел бірлігі. Ел сенімі

Елбасы. Ел бірлігі. Ел сенімі

Тараз қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы. Ел бірлігі. Ел сенімі» атты онлайн көрме өтті.

Көрмені кіріссөзімен ашқан музей директоры Н. Бықыбаев Елбасының тәуелсіз Қазақстанның әлем аренасынан ойып тұрып орын алуындағы батыл да көреген қызметтеріне тоқталды. Көрме барысында Елбасының Тараз қаласында болған сәттеріндегі фото суреттерге шолу жасалды. Кітапхана қызметкерлері Елбасына арналған қабырғадағы кітаптар топтамасымен таныстырды.