Ақпараттық тақталар орнатылды
Белгілі, Еуро Одақ пен ЮНЕСКО-ның үш жылдық жобасы аясында ЮНЕСКО тарапынан «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейіне қарасты «Жібек жолы: Чанъань - Тянь-Шань дәлізінің маршруттық желісі» сериялық трансұлттық мәдени мұра номинациясына жататын Баласағұн (Ақтөбе), Құлан, Өрнек, Қостөбе қалашықтары мен «Ақыртас» сарай-кешеніне ақпараттық тақталар дайындалған болатын.
2020 жылдың 29 қыркүйегінде ЮНЕСКО өкілдері мен музей қызметкерлері біргелікте жоғарыда аталған нысандарға сол тақталарды орнатты. Онда нысанға қатысты деректер нақты әрі ықшам түрде көрсетілген. Жалпы Қазақстан мен Қырғызстан бойынша осындай 11 тақта орнатылады.