The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Көрме қарттар көңілінен шықты

Көрме қарттар көңілінен шықты

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі 1-Наурыз Алғыс айту күніне орай Тараз қаласындағы «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында» жылжымалы көрме ұйымдастырды. Музей қызметкерлері жағынан ұсынылған Тараздың көне тарихынан сыр шертетін сан салалы жәдігерлерді 70-ке жуық қарт тамашалады. Көрмеге қойылған көне қазыналар қарттар көңілінен шықты.
Тағдыр талайымен атаулы мекемеде ғұмыр кешіп жатқан қам көңілді жандардың жанарындағы мұң құнды жәдігерлерді қолмен ұстап көрген сәтте шұғылаға айналғандай әсер қалдырды музей қызметкерлерінде. "Қарты бар үйдің қазынасы бар", - демекші, қарттар да өз кезегінде көрме ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.
Атаулы мекемемен серіктестікте бірнеше жылдан бері тұрақты дәстүрге айналған осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.