«Көне Тараз» қалашығы, Қарахан және Айша бибі кесенелерін аралады
Кеше Таразда Алтын Орданың 750 жылдығына орай өткен «Талас құрылтайы: тарих пен тағлым» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Көне Тараз» қалашығы, Қарахан және Айша бибі кесенелерін аралады. Аталмыш кешендер жайлы айтылған әрбір деректі асқан қызығушылықпен тыңдаған Өркен Серікқалиұлы Тараз топырағындағы сәттердің тарихи тағылымға бай болғанын ерекше атап өтті.