The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News /  ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен Қазақстанның жетекші музейлері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысқан дөңгелек үстел

ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен Қазақстанның жетекші музейлері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысқан дөңгелек үстел

            ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесінің ұйымдастыруымен Қазақстанның жетекші музейлері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті. Кездесу музей саласын дамытуға бағытталған стратегиялық ұсынымдарды талқылауға арналды.
            Музей-қорық директоры Нұржан Мергенбайұлы іс-шара барысында Жамбыл облысында 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне «Жібек жолы: Чаньань-Тянь-Шань дәлізі бағыттарының желісі» номинациясы бойынша енгізілген Ақтөбе, Қостөбе, Құлан, Өрнек және Ақыртас архитектуралық-археологиялық кешендерінің қазіргі жағдайы мен проблемалық мәселелерін атап өтіп, жаңа жобаны таныстырып, қысқаша былай деді:
            «Ақыртас – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген бірегей тарихи ескерткіш, 150 жылдан бері зерттеушілер үшін сырын толық ашпаған құндылық. Архитектуралық құрылымы мен ауқымы жөніндегі ғылыми пікірталастарға қарамастан, нысанға келушілер саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда аумақта туристерге қызмет көрсететін заманауи визит-орталық жұмыс істейді.
            Бүгін біз мұраны жаңа деңгейде таныстыруға бағытталған инновациялық жобаны ұсынамыз – Akyrtas Digital Pavilion. Бұл интерактивті медиахаб иммерсивті технологиялар, AR/VR тәжірибелері, 3D модельдеу және медиарезиденциялар арқылы білім, ғылым және инновацияны біріктіріп, Ақыртас мұрасын цифрлық форматта кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді».