«Ақтөбе қалашығы – көне Тараздың алтын қақпасы» тақырыбында дәріс
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің тарихшысы Ерғабылқызы Ақерке Сағадат Нұрмағанбетов атындағы №10 мектептің 7 «В» сыныбында ерекше танымдық дәріс өтті. Тақырыбы – «Ақтөбе қалашығы – көне Тараздың алтын қақпасы». Сыныпта тарихқа саяхат! Оқушылар алдымен қарапайым тарихтан бастады деп ойлады… бірақ дәріс басталған сәттен-ақ олардың назары қаланың жасырын сырлары мен ежелгі құпияларға ауды!
• Ақтөбе қалашығы қашан пайда болды?
• Ол қалай Тараз өркениетінің алтын қақпасына айналды?
• Қандай археологиялық табылғылар тарихты өзгерте алады?
Міне, осы сұрақтар оқушылардың қызығушылығын одан әрі оятып, оларды тарихты зерттеуге, сұрақ қоюға және ойлануға жетеледі. Дәрісте әр факт бір жұмбаққа айналып, білім мен ойын бір-бірімен ұштасты.
Ақырында, оқушылар тек мәлімет алып қана қоймай, көрген-білгендерін топпен талқылап, өз көзқарастарын ортаға салды. Тарихтың осы бір қызықты қырлары – олар үшін шын мәнінде саяхатқа тең болды.



25 Nov 2025
93
16 Nov 2019