The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / «Құлан қалашығы және оның археологиялық зерттеулері» тақырыбында мазмұнды дәріс

«Құлан қалашығы және оның археологиялық зерттеулері» тақырыбында мазмұнды дәріс

            «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығының 1 курс студенттеріне «Құлан қалашығы және оның археологиялық зерттеулері» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
           Дәріс барысында студенттер Құлан қалашығының тарихи дамуы, ортағасырлық Жібек жолындағы стратегиялық маңызы, сондай-ақ жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары мен табылған мәдени жәдігерлер туралы құнды мағлұматтар алды.
           Кездесу студенттерге өңірдің бай археологиялық мұрасы мен тарихи-мәдени құндылықтарын тереңірек тануға мүмкіндік берді.