Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи- мәдени музей-қорығының тарихшысы “Асыл қазына” радиохабарының қонағы болды!
Бүгін музей-қорықтың тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы Жамбыл радиосындағы “Асыл қазына”
хабарына қатысып, тыңдармандарға Қостөбе қалашығының бай тарихи мұрасы туралы терең әрі мазмұнды
ақпаратпен бөлісті. Сұхбат барысында ежелгі қалашықтың қалыптасу кезеңі, археологиялық қазбалар
нәтижесінде табылған құнды жәдігерлер мен Қостөбенің Ұлы Жібек жолы бойындағы рөлі кеңінен сөз болды.
Тарихқа қызығушылық танытқан барша тыңдармандар үшін бұл сұхбат шынайы рухани олжа болды.

17 Jul 2025
122
16 Nov 2019