The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Америкалық қонақтарымыз – Тараз тарихына тәнті!

Америкалық қонақтарымыз – Тараз тарихына тәнті!

           Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығына АҚШ-тың әртүрлі штаттарынан арнайы келген
қонақтарымыз тарихи мұрамен танысып, ерекше әсер алғандарын жеткізді.
           Аника – Пенсильвания штатынан, түп-тамыры Қазақстанның Орал қаласынан, Адель –
Солтүстік Каролинадан, Кэйси мен Сэмми – Техас штатының тумалары.
           Кесененің бірегей архитектуралық дизайны мен ұсынылған тарихи деректер шетелдік меймандардың
зор қызығушылығын тудырды. Олар: “Бұл мекенге әлемнің түкпір-түкпірінен туристердің ағылуы тегін емес.
Тараздың 2000 жылдан астам тарихы – шын мәнінде таңғаларлық. Америка тарихы бұл мұраның жанында
бала секілді көрінеді,” – деп өз ризашылықтарын білдірді.
           Біз тарихи-мәдени мұрамызды дүние жүзіне танытуға үлес қосып жүргенімізге мақтанамыз!
           Егер сіз де бабалар ізі қалған қасиетті мекенді сезінгіңіз келсе – Ежелгі Таразға жол тартыңыз!