The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / «Тарихыңды таны» – тарихи саяхат!

«Тарихыңды таны» – тарихи саяхат!

            2025 жылғы 4 тамыз күні Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы»
КММ және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бірлесуімен, Asyl Mura
волонтерлық бағыты аясында «Тарихыңды таны» атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырылды.
            Іс-шара аясында жастарымыз киелі кесенелермен, өлкеміздің бай тарихымен және рухани
мұраларымен жақын танысып, ел тарихына деген қызығушылықтарын арттырды. Бұл бастама жас ұрпақтың
тарихи санасын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болды.