Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз!
Қазақ халқының төл өнері мен рухани мұрасының символына айналған домбыра – ұлттың үнін, тарихын, жүрек лүпілін жеткізетін киелі аспап.
Бүгінгі күн – халқымыздың баға жетпес байлығын ұлықтайтын, өскелең ұрпаққа ұлттық өнердің қадір-қасиетін дәріптейтін маңызды мереке.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы бұл күні барлық өнерсүйер қауымды күй күмбірімен үндесіп, ата-бабамыздың асыл мұрасын бірге насихаттауға шақырады.
Домбыраның үні – елдің үні! Домбыраның жолы – халықтың жолы!
06 Jul 2025
556
16 Nov 2019