The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / ТАЗАЛЫҚ ТОЛАСТАМАЙДЫ

ТАЗАЛЫҚ ТОЛАСТАМАЙДЫ

         Қазақ даласындағы ежелгі тарихи ескерткіштің бірі, ХІ ғасырдан бері сақталған сәулет өнерінің жәдігері Қарахан кесенесіне күтіп ұстау – біздің мекеменің басты міндетінің бірі. Осыған орай, киелі орынның басында жоспарға сай кезекті тазалық жұмысы жүрген болатын. Мекеме басшылығы мен кесене басындағы қызметкерлер ескерткіш аумағында өскен талдардың қураған бұтақтарын кесіп, шіріген кейбір ағаштарды арнайы техникамен белгіленген қоқыс алаңына жіберді. Сондай-ақ осы аумақтағы су жүретін арналар аршылып, көп уақыттан бері жиналған түрлі қоқыстар да сыртқа шығарылды.
         Бұл тазалық жұмыстарына қаладағы «Жасыл ел» еңбек ұжымы көп көмек көрсетті. Олар біздің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы қызметкерлерімен бірлесе отырып, кесене басын күл-қоқыс пен жабайы шөптен тазалау, тал балақтау сияқты жұмыстарды қатар атқарған болатын.
         Қала мен ондағы көне сәулет ескерткіштерін таза ұстау – баршамыз үшін міндет екені белгілі. Ал жоғарыда айтқан тазалық жұмыстарының соңында мекеме басшылығы «Жасыл ел» ұжымын арнайы марапаттап, алғыс білдірді.
Айта кетейік, мұндай тазалық жұмыстары алдағы уақытта өзге де кесене мен ескерткіштер басында жиі жүргізілетін болады.