МЕШІТ ЖАЙЛЫ МАҒЛҰМАТ БЕРДІ
«Ежелгі Тараз ескеркіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» мекемесінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы облыстық радиода Әбдіқадір мешіті туралы айтты. Яғни «Асыл қазына» хабарында өрілген сұқбатта әріптесіміз XX ғасырдың басында салынған сәулет ескерткішінің салыну тарихы, өзіндік ерекшелігі жайлы мағлұмат берді.
Аталған мешіт Тараз қаласында орналасқан. Уақытында Әбдіқадыр атты кісінің жеке қаржысына тұрғызылған. XX ғасырдың 30-шы жылдары бұзылып, алдыңғы беті мен азаншы мұнарасы ғана қалыпты. Ескерткіш 1975–80 жылдары қайта жөндеуден өткен.
Әбдіқадыр мешітінің құрылысы Орта Азияның стиліндегі ғимараттарға ұқсайды. 1990 жылы мешіттің кіреберіс есігі қайта қалпына келтіріліп, жақтаулары өрнекпен қашалды. Ал 1992 жылы жанынан жаңа медресе бой көтеріпті. Мешіт күйдірілген кірпіштен қаланған.
Жалпы Әбдіқадыр мешіті өткен заманнан қалған тарихи мұра ретінде өте бағалы ескерткіштер қатарында тұр. Сұқбат барысында салынғанына ғасырдан астам уақыт болған мешіттің дін тәрбиесінде атқарған үлкен рөлі туралы да сөз болды.
26 Feb 2025
420
16 Nov 2019