Халықаралық музей күні құтты болсын!
Бүгін — тарих пен мәдениеттің алтын қазынасын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізетін маңызды күн. Әрбір музей — халқымыздың бай мұрасын көздің қарашығындай сақтап тұрған рухани орда.
Музей қорықтың ерекшелігі, тарихи-мәдени мұраны сақтап, насихаттап, келер ұрпаққа жеткізіп, өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір. Мұнда әр зат, әр экспонат – тұтас бір тарих, тағылымды шежіре.
Осы орайда, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының атқарып келе жатқан еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. 1998 жылы құрылған бұл қорық-музей Тараз қаласының 2000 жылдан астам тарихын зерттеп, сақтап, насихаттап келеді.
Музей-қорық құрамында республикалық маңызы бар 30-дан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар, олардың ішінде Ақыртас, Құлан, Баласағұн, Өрнек және Қостөбе қалашықтары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.
2011 жылдан бастап Тараз қалашығының аумағында археологиялық және ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ашық аспан астындағы музей – «Ежелгі Тараз қалашығының» археологиялық паркі құрылды.
Осы ерекше күні барша музей қызметкерлерін, тарих пен мәдениет жанашырларын шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, шабыттарыңыз шексіз болсын!
Тарих пен мәдениеттің алтын көпірі болған «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығының ұжымына алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз жемісті, шабыттарыңыз шексіз болсын!
18 May 2025
588
16 Nov 2019