The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / “Өлкенің жас археологы” атты танымдық іс-шара өтті

“Өлкенің жас археологы” атты танымдық іс-шара өтті

     Өскелең ұрпақтың тарихи санасы мен патриоттық рухын қалыптастыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Ежелгі Тараз ескерткіштері” тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Шерхан Мұраза атындағы Тараз университетінің бірінші курс “Тарих” мамандығының студенттеріне археология үйірмесі өтті. Еліміздің терең тарихымен, бай мәдени мұрасымен таныстырып, олардың танымдық қабілеттерін дамытты.
     Археология – бұл ежелгі өркениеттермен ерекше байланыс. Қазба жұмыстарына қатысқан студенттер, артефактілерді өз көзімен көріп, кітаптан оқығаннан гөрі әлдеқайда әсерлі тәжірибе ұштастырып, тарихқа деген қызығушылықтарын арттырды.
Үйірме аясында:
– дәрістік сабақтар өтті
– археологиялық қазба жұмыстарына қатысты
– Көне Тараз археологиялық кешеннен табылған экспонаттармен танысты.
Болашақ археологтар мен тарихшылар осында қалыптасады!
Ұлттық тарихты бірге зерттейік!