The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / «Қазақ Алтайының қимақ мәдени кешенін пәнаралық зерттеу» жобасы 25.11.2024

«Қазақ Алтайының қимақ мәдени кешенін пәнаралық зерттеу» жобасы 25.11.2024

Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкерлері А. Қ. Айтқали, З. Р. Каримбаева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыруымен жүзеге асырылған «Қазақ Алтайының қимақ мәдени кешенін пәнаралық зерттеу» жобасы шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаруда. Осы орайда, Институт ғылыми қызметкерлеріне «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Қор сақтау және есепке алу» бөлімінің қызметкері Ұлбосын Хамитқызы музей қорында сақталған орта ғасырға тән археологиялық жәдігерлерімен таныстырды. Атап айтсақ, VII ғ. Таң әулетінің импорттық қытай монеталары, Қарахан әулетінің (Х-ХІІ ғғ.) монеталары, Түргеш қағанатының монеталары, сондай-ақ ортағасырлық қапсырмалар мен жапсырмалар көрсетілді. Жоба мақсаттарының бірі – Еуразия даласының ортағасырлық мемлекеттерінің археологиялық жәдігерлерімен танысу және деректер базасын жинау.