The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Айша Бибі атындағы дарынды қызы балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушыларына жылжымалы көрме 15.11.2024

Айша Бибі атындағы дарынды қызы балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушыларына жылжымалы көрме 15.11.2024

15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Ұлттық теңге» тақырыбында Айша Бибі атындағы дарынды қызы балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушыларына жылжымалы көрме жасақтады. Жылжымалы көрме барысында оқушылар назарына VII ғ. Таң әулетінің импорттық қытай монеталары, Қарахан әулетінің (Х-ХІІ ғғ.) монеталары, Түргеш қағанатының монеталары ұсынылды.
Айта кетейік, Тараз қалашығында археологиялық қазба жұмыстарының барысында ортағасырлық монеталардың үлкен коллекциясы табылды. Бүгінгі күні «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорына Орталық Азия аймағындағы саяси, тауар-ақша және мәдени байланыстардың даму тарихын көрсететін бірегей нумизматикалық жәдігерлерден тұратын 1800-ден астам монета мен олардың фрагменттері алынды. 2015 жылы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде көмбе табылды, ол 183 дана ортағасырлық мыс монеталарынан тұрады. Тараз – Ұлы Жібек жолының керуен жолдарының қиылысында орналасқан ежелгі қала. «Саудагерлер қаласы» – Тараз деген атпен бұл орталық түргештердің орталығы, содан кейін қарлұқ пен қараханидтер өмір сүрген, онда ғасырлар бойы жоғарғы билеушілердің атынан монета шығаратын сарайлар болған. Монеталардың көп бөлігі мыстан жасалған, яғни мыс монетасын ежелгі Тараз қалашығында саудагерлер мен тұрғындар өзара сауда-саттықта пайдаланған. Сонымен қатар, ортағасырлық күміс монеталарды ірі мемлекеттермен сауда қарым-қатынас кезінде пайдаланған.