The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / «Жасампаз Жамбыл өңірім» тақырыбында облыстық ғылыми-теориялық конференция

«Жасампаз Жамбыл өңірім» тақырыбында облыстық ғылыми-теориялық конференция

Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі Республика күніне орай, «Жасампаз Жамбыл өңірім» тақырыбында облыстық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Ілкі дәуірдегі – Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады. Іс-шара Тараздың ежелгі замандардан қазіргі кезеңге дейінгі бай тарихы мен Жамбыл өңірінің мәдени-тарихи мұраларын және тарихи тұлғаларын насихаттап, студенттердің өлке тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Тарих ғылымдарының кандидаты, «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б. А. Джурсинбаев, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің PhD доктор, «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының меңгерушісі А. Серубаева, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Тарих кафедрасының магистрі З. С. Сейдан, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорғының ғылыми қызметкерлері М.Мананбайқызы, Ұ.Х.Алимханова қатысып, пленарлық секцияда өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар конференциядағы студенттердің жұмысына әділ-қазылық етті.
Іс-шара аясында музей-қорық қызметкері Мадина Мананбайқызы «Тарихы терең – Тараз» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз, әңгімелермен таныстырды. Сонымен қатар, студенттер назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Іс-шара соңында колледж ұстаздары мен оқушылары музей-қорық қызметкерлеріне алғыс білдірді.