The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар» тақырыбында дәріс

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар» тақырыбында дәріс

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Өңіріміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен халық қазынасы, тарихтың беймәлім сырлары тұнған, ел өмірінің тілсіз куәгері саналатын тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау. Ұлтымыздың рухани байлығы саналатын құнды да бірегей жәдігерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Дәріс барысында: Музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен әртүрлі аңыз, әңгімелер айтылды.