The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News /  М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне «Ежелгі Тараз – саудагерлер қаласы» тақырыбында дәріс

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне «Ежелгі Тараз – саудагерлер қаласы» тақырыбында дәріс

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне «Ежелгі Тараз – саудагерлер қаласы» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Өңіріміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен халық қазынасы, тарихтың беймәлім сырлары тұнған, ел өмірінің тілсіз куәгері саналатын тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау. Ұлтымыздың рухани байлығы саналатын құнды да бірегей жәдігерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Дәріс барысында: Музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен әртүрлі аңыз, әңгімелер айтылды.