Құнды жәдігерлер таныстырылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ағымдағы жылдан бастап 25-қазан - Тәуелсіз Республика декларациясы қабылданған күн болып бекітілді. Аталмыш күн алдағы уақытта жыл сайын республика көлемінде аталып өтетін болады. Мерекелік шара алдында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Жамбыл облысының Ішкі істер департаментінде «Ұлы дала кеңістігінің өткені мен бүгінінен сыр шертетін құнды мұралар» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды. Жылжымалы көрме барысында тарихы тереңнен бастау алатын Көне Тараз қалашығынан табылған ортағасырлық құнды жәдігерлер таныстырлып, Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштеріне тарихи шолу жасалды. Сонымен қатар Департамент қызметкерлері жылжымалы көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізді. Сондай-ақ көрмені тамашалауға Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің бастығы полиция генерал-майор Баймурзин Арманбек Хакимбекұлы тамашалап, музей ұжымына алғыс білдірді.