№12 мектеп-гимназиясында жылжымалы көрме өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында «Ұлы дала кеңістігінің өткені мен бүгінінен сыр шертетін құнды мұралар» тақырыбында жылжымалы көрме өткізді. Жылжымалы көрме барысында Көне Тараз қалашығынан табылған ортағасырлық жәдігерлер таныстырлып, өскелең ұрпаққа Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштеріне тарихи шолу жасалды. Сондай-ақ оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ, әр кезеңде басылған тиындар, мөр-таңбалар, көптеген құнды тарихи жәдігерлер: қазандар, табақтар, құмандар, шырағдандар, құмыралар сияқты заттардың тарихымен танысты. Құнды жәдігерлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, насихаттау және дәріптеу жұмыстарын жүргізу басты мақсат болып табылады. Мектеп ұстаздары мен оқушылары жылжымалы көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізе отырып, музей ұжымына алғыс білдірді.