The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Мектеп-гимназия оқушыларына экскурсия жүргізілді

Мектеп-гимназия оқушыларына экскурсия жүргізілді

Қазақстан Республикасының "Ежелгі Тараз" ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты рухани құндылықтардың ордасы болған “Көне Тараз” археологиялық саябағында қалалық №12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына экскурсия жүргізілді. Көзделген басты мақсат өскелең ұрпаққа бабаларымыздың даналығы болған асыл мұрамызды насихаттау, сондай-ақ үлкен руханият орталығының біріне айналған Тараз шаһарымыздың тарихымен таныстыру болатын. Экскурсия барысында оқушылар қызығушылық білдіріп, айтылған мәліметтерді сүйсіне тыңдады.