Тараз – Қолөнершілер қаласы
Тараз қаласының Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енгізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінің алаңында «Тараз – Қолөнершілер қаласы» атты халықаралық қолөнершілер көрмесі өткізіліп жатыр. Аталған тізімге әлемнің 59 қаласы енгізілген. Көрмеге жалпы 200-ден астам, атап айтқанда, алыс шетелден – 10, Ресей Федерациясынан – 37, Орталық Азия елдерінен – 30, Қазақстанның басқа өңірлері және жергілікті – 120 қолөнершілер қатысуда. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қарасты Республикалық маңызы бар «Айша бибі», «Бабаджа Хатун» , «Қарахан», «Дәуітбек» кесенелеріне, «Көне Тараз» ашық аспан асты саябағына шетелден келген қонақтарға экскурсия жүргізілді.