Онлайн-форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы «Тарихи-мәдени мұраны сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн-форматта дөңгелек үстел ұйымдастырды. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі Өзбекстан мемлекетінің «Шахрисабз» мемлекеттік музей-қорығы мен Қырғызстан мемлекетінің «Сулейман-ТОО» Ұлттық тарихи-археологиялық музей кешені арасында 2021 жылы мемлекет аралық музей саласын дамыту тұрғысында жасалған Ынтымақтастықты нығайту мақсатында Тараптар Өзара бірлескен меморандумға қол қойған болатын. Әріптестер меморандум аясындағы бірлескен жоспарларды ортаға салып, үш ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту және Ұлы Жібек жолының біртұтас тарихи өткенімен байланыстыратын тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерді насихаттау бойынша алдағы жұмыстарды талқылады. Көрші елдерден қатысқан әріптестер қазіргі Тараз қаласының орталығында орналасқан «Көне Тараз» археологиялық саябағы мен Қарахан мен Дәуітбек кесенелеріне жасалған экскурсиямен онлайн режимде танысты.