«Көне жәдігерлер тарихы» атты тақырыптық үйірме өткізілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” деген тақырыппен халыққа жолдауын жариялады. Жолдаудағы “Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі” бөлімінде басым бағыттардың бірі - білім беру сапасын жақсарту болып табылады.
Осыған орай, бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен “Көне жәдігерлер тарихы” атты тақырыптық үйірме өткізілді. Үйірмеге “Жамбыл облысы әкімінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің оқушылар сарайы” КММ сурет үйірмесінің оқушылары әр жәдігердің, кесенелердің суретін бейнелеп, өнерін шыңдады. Музей-қорығының ұжымы балаларға ізет көрсетіп, жетекшілеріне ризашылығын білдірді.