The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / "Көне Тараз шеберлері" қолөнер көрмесі ұйымдастырылды

"Көне Тараз шеберлері" қолөнер көрмесі ұйымдастырылды

Тараз қаласын қолөнершілер қалаларының Дүниежүзілік тізіміне енгізу үшін "Көне Тараз шеберлері" қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Тараз шаһарын Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енгізудегі басты мақсат – өңірдің әлемге танылу деңгейі мен туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілер қауымын халықаралық деңгейде таныту, бәсекелестікке төтеп беру және жоғалып бара жатқан қолөнер түрлерін сақтап қалу. Қазақстанға танымал шеберлер мен қолөнер әлеміне енді қадам басқан жас мамандардың таланты мен талғамына қолдау көрсету.

Осыған байланысты "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы "Көне Тараз қолөнері" атты археологиялық көрмесін өткізді.

Біздің дәуірімізге дейінгі 40-36 жылдары негізі қаланған Тараз қаласы Қазақстанның ең ежелгі қалаларының бірі және Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени орталығы болып табылады. Сонымен қатар, 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз қаласы ежелден Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда және қолөнер орталықтарының бірі болған.

Қазақ халқының мұрасында өнердің бір түрі – қолданбалы өнер. Күнделікті өмірде қыш ыдыстар өндірісі, шыны құю, тоқу және киіз жасау, жібек шаруашылығын дамыту және зергерлік бұйымдар өндірісі болды. Бұйымдар жасауда шеберлер үлкен шығармашылық мұра қалдырды. Қандай өнер болмасын, барлық құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды.

Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енгізу мақсатында, 30 шілдесі мен 1 тамызы аралығында Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің 3 сарапшылары:

1. Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің президенті Саад-аль Каддуми (Кувейт).

2. Азия-Тынық мұхиты аймағы қолөнершілерінің дүниежүзілік кеңесінің вице-президенті Азизбек Муртазаев (Ташкент).

3. Қазақстан қолөнершілер одағының президенті Бекқұлова Айжан (Алматы).

Сонымен қатар, сарапшылар құрамына «Асыл Дизайн» сән үйінің «Аспара» брендінің бас дизайнері Калиев Айдархан Миралиевич енгізілген.

Бұл іс-шараны өткізудегі біздің негізгі мақсатымыз – халықаралық сарапшыларды жоғары дәрежеде қарсы алып, облысымыздың қолөнершілік және туристік потенциалын толығымен көрсетіп, Тараз қаласының Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енуіне толық мүмкіндік жасау.

Іс-шара 3 күнтізбелік күнге есептелген және Жамбыл облысының қолөнер объектілерін, туристік объектілерін және көрікті жерлерін аралаудан тұрады.

Іс-шараның міндеттері:

1. Колөнершілер көрмесін ұйымдастырылды;

2. Қолөнерді жүзеге асыру нүктелерімен таныстыру;

3. Қолөнер жасау процесімен таныстыру;

4. Мәдени-тарихи нысандар бойынша ақпараттық тур ұйымдастырылады.