Құмыра сыйға тартты
Музейге сый тарту акциясы аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының қорына Тараз қаласының тұрғыны Барбасынов Құндызалы Сапаралиұлы сыйға тартты.
Хумды өз бақшасында (Смаилов көшесі, 6 үй) жер жұмыстарын жүргізу барысында тауып алған. Құмыра 1,5-2 м тереңдікте жатты, ішінде шіріген дәнді дақылдар (тары) табылды, беті тас плитамен жабылған. Құмыра – хұм X-XI ғғ. мерзімделеді.Тараз қаласынан табылған құнды хұм жәдігеріне тазалық жұмыстары жүргізілді.