Нәметбай мешітінде мониторинг жұмыстары өтті
Кезекті мониторинг жұмысы Нәметбай мешітінде жалғасын тапты. Тараз қаласындағы Ташкент — Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. ХХ ғасырдың басында салынған. Көп жылдар қаладағы үлкен діни-рухани орталық қызметін атқарған. Шамамен, өткен ғасырдың 30-жылдары мемлекеттік меншік ретінде шаруашылық қоймасы тағы басқа да қажеттіліктерге пайдаланып келген. Төбесі — дәстүрі ағаштан бөрене түрінде салынған. Жоғарғы жағы сүйірленіп бітетін қырлы бағаналары бар. Бөрене қыр жақтауларының формасы күрделі, айван ортасына қарай колонналар етегі жұмыр болып келеді. Қабырғаларының, колонналар мен намаз бөлмесінің өрнек айшықтары негізінен көк, қызыл және жасыл түсті. Әсіресе, айван төбесі өрнегі ерекше, мұндағы бөрене, бөрене асты бөліктері өсімдік өрнектерімен ерекшеленеді, аспан көк түс басым қызыл түс тек өрнек пен белдеу периметрі бойына жазылған.