The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Шеберлік сабағын алды

Шеберлік сабағын алды

Тарихы 20 ғасырдан асатын еліміздің ең ежелгі қаласы , кезінде Ұлы Жібек жолының бойындағы сауда-саттықтың күре тамыры саналған қасиетті Тараз мәдениеті мен өркениеті үйлесім тапқан киелі өлке. Қасиетті мекенге арнайы туристік сапармен келіп көне қаланың тарихымен, жәдігерлері мен сәулеттік ескерткіштерін көріп - білуге қызығушылық танытатындар қатары қазіргі кезде көбеюде.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері »мемлекеттік тарихи-мәден музей-қорығының «Музей ісі және экскурсиялық қызмет көрсету» бөлімінің қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында өлкетанушы, гид-археолог, "АРК Ғылыми ұйымы" ЖШС директоры Төребеков Ескендір Санжарұлынан шеберлік сабағын алды.