Көне тарихи-мәдени нысандармен танысты
Тәуелсіз еліміздің болашағын білімді, рухани бай, жерін, елін,құрметтейтін саналы азамат болып өсуіне бағыт беруде жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Еліміздің батысы Ақтөбе қаласының оқушылары (12,68,3 ОМ) Тараз қаласына арнайы келіп, Көне тарихи-мәдени нысандарының бірі, қазақтың "Тәж-Махалы" атанып кеткен Айша бибі кесенесімен танысып, ғажайып аңызын тындады.