The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / «Ұлт болашағы саналы ұрпақ» тақырыбында танымдық дәріс оқылды

«Ұлт болашағы саналы ұрпақ» тақырыбында танымдық дәріс оқылды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық қызметкерлері Жамбыл ауданы, Аса ауылы №1 орта мектебінде "Ұлт болашағы саналы ұрпақ" тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында білім алушыларға музей-қорығына қарасты 30 нысан туралы бейнематериал форматында мәліметтер берілді. Сонымен қатар оқушылардың назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған тарихи жәдігерлер ұсынылды. Бұл көне қаламыз Тараз осыдан екі мың жыл бұрынғы мәдениетіміздің ірі ошақтарының бірі болғандығын айғақтайды.

Іс-шара соңында мектеп директоры Б.А.Валиев музей-қорық қызметкерлеріне өскелең ұрпақ арасында тарихи-мәдени мұраны насихаттағаны үшін алғыс айтып, ұжымға «Алғыс хат» табыстап, жаңа жетістіктер тіледі!