«Жанашырлыққа - жан риза»
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
«Ежелге Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорық ұжымы жыл сайын тұрақты түрде бірлесе отырып мұқтаж жандарға көмек қолын созады. Осы жолғы игі іс екі отбасына арналды.