«Өлкетану» үйірмесінің білім алушыларына экскурсия өткізілді
Бүгін Меркі ауданының «Өлкетану» үйірмесінің білім алушылары "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты нысандарды келіп тамашалады. Экскурсия барысында музей-қорығының қызметкерлері шаһардың шырайын кірігізіп, ажарын ашып тұрған діни ескеткіштеріміздің бірі Қарахан (Әулие-Ата) және Дәуітбек (Шомансұр)кесенелері туралы халық аңыздарын баяндап берді. Келесі кезекте оқушыларды «Көне Тараз» археологиялық паркінде ежелгі қала, үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен таныстырды. Сонымен қатар сәулет өнерінің бірегей ескерткіші Қали Жүніс моншасы мен Тектұрмас кесенесі туралы барша мәліметтермен бөлісті.