The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News / Тарихи-мәдени нысандарды насихаттау жұмыстары жалғасуда

Тарихи-мәдени нысандарды насихаттау жұмыстары жалғасуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы-біздің жалпыұлттық міндетіміз. Олардың әл – ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі", - деп айта келе, 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Осыған орай демалыс уақытында "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері музейге қарасты тарихи-мәдени нысандарды кеңінен насихаттау жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта тарихи ескерткіштерге тек Жамбыл облысының орта оқу орындары ғана емес, сонымен қатар Шымкент қаласының №127 мектебі,Белбасар ауылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі,Кентау қаласының «Білім-инновация» лицейі, Қарағанды қаласының «Қазақ-түрік лицейі», Нұр-Сұлтан және Павлодар қаласының, сонымен қатар Шу және Сарысу аудан мектептерінің оқушылары әсем қаламыздың тарихи орындарын тамашалауда.