Экскурсия өткізілді
Демалыс уақытында Петропавл қаласының № 21 мектебі мен каратэ «Ашихара» орталығының білім алушылары үлкен руханият орталығы-Ежелгі Тараз қаласының киелі орындарын тамашалауда. Экскурсия барысында оқушылар ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты, діни ескеткіштеріміздің бірі, сәулет өнерінің үздік нұсқасы, шаһарымыздың інжу-маржаны «Айша бибі», «Бабаджа Хатун», «Қарахан», «Дәуітбек Шомансұр» кесенелерін аралап ортағасырлық қала мәдениетінің озық үлгісімен танысты. Атадан бабаға мирас болып келе жатқан тарихи мұра ескерткіштерімізді насихаттау жұмыстары жалғасуда, қала мектептері ғана емес, алыс жатқан ауыл-аймақ оқушылары да демалыс уақытында әсем қаламыздың тарихи орындарын тамашалаудан жалыққан емес!