Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Научные работы / Лекции и видеолекции / Көне Тараз қоймасы — сауда-саттықтың тынысы

Көне Тараз қоймасы — сауда-саттықтың тынысы

         Көне Тараз қалашығының терең қойнауынан табылған жер асты қоймалары — Ұлы Жібек жолының бойындағы
сауда мен тіршіліктің айғағы. Бұл қоймаларда сол заманның астық, жеміс-жидек, май, шарап және тұрмыстық заттары
сақталған. Қыштан қаланған қабырғалар мен арнайы салқындату жүйесі ортағасырлық инженерияның дамығанын
көрсетеді.
         Саудагерлер үшін бұл қоймалар — тауар алмасу мен сапарға дайындықтың негізгі бөлігі болған. Ал жергілікті
тұрғындар үшін қор жинау мен қауіпсіздікке кепіл болған.
Әр кірпішінде тарих тыныстаған бұл орындар — Тараздың тек мәдени емес, экономикалық орталық болғанын дәлелдейді.
         Егер Көне Таразға жолыңыз түссе, ежелгі қоймалардың қабырғасынан тарихтың үнін естисіз…