Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Научные работы / Лекции и видеолекции / Ортағасырлық бадраптар –тазалықтың тірегі!

Ортағасырлық бадраптар –тазалықтың тірегі!

         Орта ғасырларда қалалар құрылым жағынан жүйелі ұйымдастырылған. Соның ішінде бадраптар –
тек кіріп-шығатын қақпа ғана емес, қаланың тазалығы мен тәртібіне де жауапты болған.
         Қаланың ішіндегі тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар қаланың шетіне — дәл осы бадрап маңына
шығарылған. Бадраптар сол кезеңде қалдық жинау пункті ретінде де пайдаланылған. Бұл ортағасырлық
қалалардың гигиена мен қалалық тәртіпке ерекше мән бергенін көрсетеді. Яғни, тазалық – тек қазіргі талап
емес, бабалардан келе жатқан мәдениеттің көрінісі!