Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Научные работы / Лекции и видеолекции / Тектұрмас кесенесі – Тараздың мәңгілік мұрасы

Тектұрмас кесенесі – Тараздың мәңгілік мұрасы

        Тарихи Тараз жерінде бой көтерген киелі нысандардың бірі – Тектұрмас кесенесі. Ол ХІV ғасырдың
аяғында салынған көне сәулет ескерткіші саналады.
        Кесене қаланың оңтүстік жағында, биік төбенің үстінде орналасқан. Халық арасында бұл мекен ежелден
қасиетті орын ретінде танылып, «әулиелер мекені» атанған. Тектұрмас – тек архитектуралық қана емес, рухани
құндылығы зор, Жамбыл өңірінің тарихынан сыр шертетін құнды жәдігер. Мұнда келген әрбір жан
бабаларымыздың ізін, ғасырлардан жеткен шежірелі тарихты сезінеді.
        Қасиетті Таразға жолы түскен әрбір саяхатшының алғашқы аялдайтын жерлерінің бірі – осы Тектұрмас кесенесі.