Көне Тараздың тереңінен табылған – Хамам моншасы!
Археологтар Көне Тараз археологиялық кешенінен ортағасырлық хамам моншасының қалдықтарын тапты. Бұл – IX–XII ғасырларға тән, Ислам өркениетінің Орталық Азияға терең тамыр жайғанын дәлелдейтін ерекше жаңалық.
Жер асты жылу жүйесі (гипокауст), Бу бөлмелері мен тас қондырғылар, Табиғи тастар мен кірпіштен қаланған құрылыс — бұның бәрі сол дәуірдегі жоғары құрылыс мәдениеті мен гигиеналық дәстүрді паш етеді.
Бұл хамам – тек тазалық орны ғана емес, рухани тазару мен қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болған. Көне Тараздағы бұл жаңалық – ұрпаққа аманат болған рухани және мәдени мұрамыздың айқын көрінісі.
Таразға келсеңіз – тарихтың тынысын тыңдауға келіңіз!
12 Июнь 2025
911
16 Нояб 2019