Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Научные работы / Халықаралық ғылыми алаңдағы тағы бір табыс!

Халықаралық ғылыми алаңдағы тағы бір табыс!

            “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және
ескерткіштерді қорғау” бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызының мақаласы ULY DALA MURASY
халықаралық ғылыми журналында жарияланды!
           Мақала тақырыбы:  “Akyrtas Palace Complex: Archaeological Research and Conclusions” 
(«Ақыртас сарай кешені: археологиялық зерттеулер мен қорытындылар»).
Бұл еңбекте Ақыртас кешеніне жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижелері мен тарихи тұжырымдар
ғылыми негізде ұсынылған. Материалда кешеннің сәулеттік ерекшелігі мен оның түркі өркениетіндегі
орны кеңінен талданған.
           Зерттеу жұмысының беделді ғылыми журналда жариялануы — музейіміздің халықаралық деңгейде
ғылыми үлес қосып жатқанын көрсетеді. Әріптесіміз Ақдидар Жәнібекқызына шығармашылық табыс тілейміз!