Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Тоғызкұмалақ

Тоғызкұмалақ

Тоғызкұмалақ Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының ғаламдық тізіміне қосылған тұңғыш үстел ойыны болды.

Тоғызұмалақ – адамның ұтқырлық пен тапқырлық қасиетін ұштайтын, әрі математикалық ойлау мен төзімділікке баулитын ойын. Ол ежелгі түркілер қасиетті санаған 9 санына негізделген. Ойынды кейде «қойшылар алгебрасы» деп те атады. Өйткені, ойын кезінде барлық төрт негізгі математикалық амал қолданылады. Ойын жылдамдық пен әдіс-тәсіл санауға құрылған.