Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Тарихи қазыналарды сыйға тарту» акциясы

«Тарихи қазыналарды сыйға тарту» акциясы

Құрметті Тараз қаласының және облыс тұрғындары! Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырып отырған «ТАРИХИ ҚАЗЫНАЛАРДЫ СЫЙҒА ТАРТУ» акциясына барлық азаматтарды белсене қатысуға шақырамыз!

«Тарихи қазыналарды сыйға тарту» акциясының мақсаты – ата-бабаларымыздың қол еңбегінен туындаған, мәдениетіміздің асыл бөлшегі болған тарихи мәні зор жәдігерлер жинақтап, халқымызға насихаттау. Қазіргі таңда, басты мақсат – ел арасында елеусіз жатқан ескілік заттарды, көне жәдігерлерді, рухани құндылықтарымыз бен ұлтымыздың ұлы тұлғаларынан қалған заттай деректерді тарихымыздың өркендеуіне септігін тигізетін мәдени мұра ретінде және кәсіби тұрғыда сақтап қалу. Көпшіліктің ол заттарды көре отырып, рухани нәр алатын қасиетін арттыру бағытында «Тарихи қазыналарды сыйға тарту» акциясы арқылы елдің игілігіне жарату үшін бір жерге жинау мен топтастыру еді. Аталған акцияға өңіріміздің тарихына, ежелгі қаламыздың мәдени өркендеуі мен дамуына өз үлесін қосамын дейтін азаматтарды атсалысуға шақырамыз.

Сіздерде қызықты да құнды көне тұрмыстық заттар, ерекше әсерлі тарихы мен аңызы бар отбасылық құндылықтар сақталса, ол мұраларды бізге келіп тапсыруларыңызды сұранамыз!

«Тарихи қазыналарды сыйға тарту» акциясына үн қатқысы келетін әрбір жанға алдын-ала алғысымызды білдіре отырып, мына мекен-жайымыз бойынша:

 

Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі №3 .

Дүйсенбі - Жұма аралығында

сағ. 9:00-18:00 есігіміз әрдайым ашық.

 

Байланыс телефондары: 43-08-26.

E.mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

№9, 16, 19, 27, 43, 46, 47, 55, 56, бағытындағы автобустармен жетуге болады.