Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / 14 қаңтар - Әбілхан Қастеевтің туған күні!

14 қаңтар - Әбілхан Қастеевтің туған күні!

14 қаңтар – қазақтың әйгілі суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбілхан Қастеевтің туған күні.

Ол 1904 жылы Талдықорған облысының (қазіргі Алматы облысы) Шежін ауылында дүниеге келген. Үш жасында әкесінен айырылып, шешесі мен кіші іні-қарындастарына көмектесу үшін, ерте жұмыс істей бастады. Түрксіб темір жолының құрылысы басталған тұста, ауылдастарымен бірге ол сол құрылысқа қара жұмысшы болып орналасады.

Алматы қаласында және Мәскеу қаласында көркемсурет студиясында оқыды.

1954-1956 жылдары Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Оның алғашқы көрмеге қойылған туындылары - «Тігін үстінде», «Мектепке», «Автопортрет», «Көгілдір көйлекті қыз», «Қарындасымның портреті». Суретшінің «Ғ.Мұратбаев», «Абай», «Ж.Жабаев», «А.Иманов», «К.Әзірбаев» сынды портреттік туындылары жоғары таным-талғамның үлгісін айқындайды.

Сонымен қатар тарихи тақырыптағы «Түрксіб», «Амангелді сарбаздары», «Колхоз тойы», «Қалыңдық», т.б. көркем туындыларынан Қастеев қаламына тән қасиет - эпикалық ауқымдылық, ұлттық бояудың айқындығы көрінеді.

Шығармашылықтан бөлек Әбілхан Қастеев қоғамдық қызметпен де айналысқан. Ол екі рет (1955 және 1959 жылдары) Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының атынан Қазақ ССР-інің Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланған.

2018 жылдың соңында Forbes Kazakhstan жасаған рейтинг бойынша, Әбілхан Қастеев қазақстандық «қымбат» авторлардың қатарына енген.

Танымал тұлға 1973 жылы қайтыс болған.