Проведен онлайн эфир
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен министрлікке қарасты квазимемлекеттік ұйымдар арасында парасаттылық, сыбайлас жемқорлықты жою, мекемелер жұмыстарында ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етумен қатар комплаенс қызметін ұйымдастыруға қатысты мәселелер бойынша онлайн жиын өткізілді. Министрлікке қарасты квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметін енгізу белсенді жүріп жатыр. Осы орайда аталған қызметтің мақсаты мен оның не үшін қажет екендігі туралы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Қамзолдаев айтып берді. Бүгінгі таңда әлемде ұжымдық парасаттылықты қамтамасыз етудің және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі құралы – тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау шеңберіндегі тәуелсіз комплаенс қызметтерінің тиімді қызметі болып саналады. Аталған жиынға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени корық-музейінің директоры Н.Бықыбаев пен заңгер Е.Сланов қатысты.